Үйлестіру кеңесінің отырысы

    1 / 2

    27 қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Омбудсмен Артур Ластаевтың төрағалығымен өткен отырыс барысында бірқатар ұйымдастыру мәселелерін, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және арттыру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі – ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

    Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) азаптаудың және басқа да қатыгез қарым-қатынас түрлерінің алдын алу миссиясын жүзеге асырады. Осы мақсатта оның қатысушылары қоғамнан оқшаулау және бас бостандығынан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеу ұйымдарына, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге превентивті (алдын ала) баруларды жүзеге асырады.

    Жыл сайын Үйлестіру кеңесі ҰАТ қатысушыларының жабық мекемелердегі адамдарды ұстау жағдайларына қатысты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға енгізген ұсынымдары негізінде Жиынтық баяндама дайындайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" жаңалықтары