«Қыздар.нет» ісі бойынша кезекті күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

    Солтүстік Қазақстан облысында виртуалды кеңістікте делдалдық қызмет көрсеткен «Қыздар.нет» сайтының жұмысын ұйымдастыруға қатысы бар адамдарға қатысты тергеу жалғасуда.

    Шілде айында Грузияда Түркияға шығуға әрекеттенген жерінен осы қылмыстық іске байланысты мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының 36 жастағы азаматы ұсталды. Жуырда оны Қазақстанның құқық қорғау органдарына беру рәсімі аяқталды. Күдікті Қазақстан Республикасына жеткізілді. Оны тергеу амалдарын жүргізу үшін СҚО-ға жеткізу жоспарланып отыр. Трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысты тергеу осы өңірде басталған болатын.

    СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, күдікті интимдік қызмет көрсететін әйелдердің анкеталарын сайтқа орналастырғаны үшін ақы қабылдады деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ақшаны дропперлердің қызметін пайдалана отырып, сайт ұйымдастырушыларына аударып отырған. Тергеу жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары