Жыл басынан бері СҚО-да 570-тен астам құқық бұзушы қоғамға пайдалы еңбек етті

    1 / 4

    Мас күйінде басқа әйелмен төбелес шығарған петропавлдық әйел мен анасын балағаттап, мас күйінде жанжал ұйымдастырған ер адам бүгінде қала аулаларын тазалап жүр. Мердігер ұйым оларға күн сайын төрт сағат ішінде атқарылуы тиіс жұмыс учаскесін белгілейді. Жұмысқа шықпаған жағдайда олар қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Қазақстанда құқық бұзушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту тәжірибесі кеңінен қолданылып келеді. Бұл – сот шешімімен тағайындалатын әкімшілік айыппұлға балама жаза. Заңда көзделген жағдайларда құқық бұзушы қаржылай шығынға ұшырамай, өз еңбегімен қоғамдық аумақтардың тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосады.

    «Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында мұндай жаза әкімшілік құқық бұзушылықтың 692 фактісі бойынша қолданылды. Оның ішінде 576 адам жазасын өтеп болды. Қалғандары өздері елемеген қоғамдық тәртіптің алдындағы борышын өтеуді жалғастыруда», – дейді СҚО ПД профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы Александр Розбах.

    Әкімшілік соттар мұндай жазаны көбіне қоғамдық орындарды ластағаны үшін тағайындайды. Бұл санатта 240 жағдай тіркелген. Сондай-ақ бір жыл ішінде қоғамдық орындарға қайталап мас күйінде келу (168 жағдай), ұсақ бұзақылық (164 жағдай) және отбасылық жанжалдар (118 жағдай) да жиі кездеседі. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін кінәлілер қызғылт сары түсті кеудеше киіп, қоғамдық жұмысқа шығады.

    Бұл шара азаматтардың өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, Заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары