БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ АҚБАСТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 / 7
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, арық-атыздарды механикалық тазалау, электр жарығы желілерін жөндеу, ауыз сумен қамту, көше жолдарын жөндеу және елді мекеннің абаттандырылуына қатысты ұсыныстар мен өтініштер айтылды.
    Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, әрбір мәселенің заң аясында қаралып, шешу жолдары бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
    Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына да тоқталды. Аудан көлеміндегі барлық елді мекендерде секторларға бөлініп, күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Осы орайда тұрғындарды «Тазалық – жиналған жерде емес, сақталған жерде» деген қағиданы ұстана отырып, өз аулалары мен көшелерінің тазалығын сақтауға, көгалдандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.
    Кездесу соңында Ұласбек Сәдібеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары