Халықты әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңес

    1 / 3

    2026 жылғы 25 қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Амренованың төрағалығымен аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, бейінді мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысқан халықты әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Кеңес барысында жұмыссыз азаматтардың басым санаттарын жұмысқа орналастыру, «Отбасының цифрлық картасының» «А» және «В» санаттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ «Qalqan» ақпараттық жүйесінде деректерді цифрландыру мәселелері қаралды.

    Жұмыссыз азаматтармен атаулы жұмысты күшейтуге, оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен және кәсіптік оқытумен қамтуды кеңейтуге, сондай-ақ отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңартылған әдістемесін ескере отырып, Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтерді өзектендіруге ерекше назар аударылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша деректерді өзектендіру, халықпен атаулы жұмысты күшейту және жұмысқа орналастыру шараларының тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" жаңалықтары