Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Бурабай ауданында өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 23 қарашада Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ғимаратында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллинаның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кездесуі өтті.

    Іс-шараға Бурабай ауданы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының, Отбасын қолдау орталығының, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының, Мансап орталығының өкілдері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

    Кездесу барысында Жолдаудың негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, еліміздің алдағы дамуындағы басты басымдықтар мен міндеттер айқындалды. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық даму, халықты жұмыспен қамту, бизнесті қолдау және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты және Мемлекет басшысы айқындаған өзекті бағыттар бойынша түсініктемелер алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" жаңалықтары