Басқарма басшысының Степногорск қаласына жұмыс сапары

    1 / 5

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде атаулылық қағидатын кезең-кезеңімен енгізу мәселелері бойынша ағымдағы жылғы 18 қарашада Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Рахматуллина Шолпан Салыққызы Степногорск қаласына жұмыс сапарымен барды.

    Сапар барысында әлеуметтік мәселелер, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелер бойынша өткізілген азаматтарды жеке қабылдауға қатысты. Азаматтарға отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін айқындау өлшемшарттары, олардың өмірлік жағдайын талдау ерекшеліктері және қажетті қолдау көрсетудің атаулылық тәсілінің қағидаттары түсіндірілді.

    Сондай-ақ аудандық штабтың отырысы өтіп, онда үй шаруашылықтарын сауалнама жүргізу нәтижелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, «А» және «В» санаттарына жататын отбасылармен атаулы жұмыс жүргізу, олардың әлеуметтік жағдайына талдау жасау, орын алып отырған мәселелерді анықтау және әрбір отбасының әл-ауқат деңгейін арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылдау бойынша міндеттер айқындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" жаңалықтары