Халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 11 қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Амренованың төрағалығымен халықты әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістер мәселелері бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті.

    Отырысқа Степногорск қаласы мен Жарқайың ауданы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Степногорск қаласы, Аршалы, Ерейментау және Жарқайың аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.

    Отырыс барысында Отбасының цифрлық картасындағы «А» және «В» санаттарына жатқызылған үй шаруашылықтары туралы мәліметтерді верификациялау жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізілген сауалнама нәтижелері мен отбасылардың әл-ауқатын бағалау, сондай-ақ атаулы әлеуметтік қолдауды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар қаралды.

    Отбасылар туралы мәліметтердің анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етуге, олардың әлеуметтік жағдайын объективті бағалауға және азаматтардың қажеттіліктерін уақтылы анықтауға ерекше назар аударылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға Отбасының цифрлық картасындағы деректерді өзектендіру жұмыстарын жалғастыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және жауапты мамандар қызметінің үйлесімділігін күшейту тапсырылды.

    Бұл бағыттағы жұмыстар 2027 жылдан бастап отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңартылған тәсілдерін кезең-кезеңімен енгізуге дайындық аясында жалғастырылатын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" жаңалықтары