16 қарашада Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты рәсім барысында қаржы жүйесін нығайтуға қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін департаменттің бірқатар қызметкерлері мен серіктестері ведомстволық наградалармен марапатталды:
- «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісі қаржы саласындағы айрықша еңбегі үшін департаменттің басқармалары мен аудандық бөлімшелерінің ерекше көзге түскен басшылары мен мамандарына табысталды.
- «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығына 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісі кинологиялық қызметтің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі, кәсіби дәстүрлерді сақтағаны және қызметтік міндеттерін нәтижелі орындағаны үшін берілді.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталары кәсіби жетістіктері мен өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны үшін департаменттің құрылымдық және аудандық басқармаларының, сондай-ақ кеден бекеттерінің қызметкерлеріне табысталды.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің алғыс хаттары нәтижелі ынтымақтастығы мен сарапшылық үлесі үшін кәсіби қауымдастық өкілдері мен салық кеңесшілеріне табысталды. Сонымен бірге мемлекеттік кірістер органдарының ардагері көп жылғы еңбегі, жастарға тәлімгерлік еткені және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Қаржы министрлігінің арнайы алғысына ие болды.
Мерекелік жиын елдің экономикалық тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету жолында күнделікті еңбек етіп жүрген мамандарға көрсетілген құрметтің белгісі болды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









