ШЕБЕРЛІК ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОҒЫСҚАН СЕМИНАР

    1 / 2

    Технология пәні мұғалімдерінің аудандық ассоциация отырысы аясында «Жаға тігу» тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырылды.

    Семинардың негізгі мақсаты – технология пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, іс-тәжірибе алмасу және тігін өнеріндегі практикалық дағдыларды жетілдіру.

    Практикалық сабақ барысында қатысушылар жаға түрлерімен танысып, матаны өңдеу, өлшем алу, пішу, тігу және дайын бұйымды әрлеу кезеңдерін іс жүзінде орындады. Мұғалімдер өзара тәжірибе бөлісіп, тігін жұмысының қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды.

    Семинардың ерекшелігі – теориялық білімнің нақты практикалық жұмыспен ұштасуы. Қатысушылар өз қолдарымен бұйым тігіп, жұмыстың нәтижесін көрді. Ең бастысы, семинар соңында дайын өнім алынып, әр педагог өз еңбегінің жемісін сезінді.

    Мұндай тәжірибелік кездесулер мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, оқушыларға еңбек дағдыларын үйретуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға жол ашады.

    Шеберлік – тәжірибемен шыңдалады, ал еңбек – нақты нәтижесімен бағаланады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім беру басқармасының «Аққулы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары