Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    1 / 5
    Департамент басшысы Серік Омарханов ұжымға құттықтау сөз сөйлеп, Республика күнінің Қазақстан тарихындағы айрықша маңызын атап өтті. Ол бұл мерекенің ел тәуелсіздігінің, халық бірлігінің және ел болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің маңыздылығын еске салатынын жеткізді. Сондай-ақ қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке және кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.
    Іс-шара аясында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
    «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен Бурабай аудандық басқармасы бөлімінің басшысы Умсун Мукашева марапатталды.
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен Көкшетау қалалық басқармасының бас маманы Асель Белялова марапатталды.
    Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің алғыс хатымен Департаменттің бас маманы Виктор Игнатов марапатталды.
    Сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Әбсаттар Иса марапатталды.
    Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен Степногорск қалалық басқармасының басшысы Гулюза Абрамович пен Есіл аудандық басқармасы бөлімінің басшысы Айгерим Мулкубаева марапатталды.
    Барлық марапат иелерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби табыстарға жетіп, жаңа биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!
    Қазақстанымыз өркендеп, әр шаңырақта бейбітшілік пен береке-бірлік салтанат құрсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары