Сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

    Сүт, сүзбе, ірімшік немесе йогурт – дастарқанымыздан күнделікті орын алатын өнімдер. Біз оларды сатып алғанда, қауіпсіздігіне әрдайым мән бере бермейміз. Алайда сыртқы түрі сапалы көрінген өнімнің өзі сақтау шарттары бұзылған жағдайда денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сүт өнімдерінің пайдасын көру үшін оларды дұрыс таңдап, сақтау ережелерін білу маңызды.
    Сүт өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 033/2013 техникалық регламентімен реттеледі. Бұл құжат сүт пен сүт өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптарды белгілеп, тұтынушылардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
    Сүт өнімдерін сатып аларда жарамдылық мерзімін, өндірілген күнін және қаптамасының бүтіндігін міндетті түрде тексеріңіз. Жапсырмада өнімнің құрамы, сақтау шарттары, өндіруші туралы мәліметтер және тағамдық құндылығы көрсетілуі тиіс.
    Өнімнің атауына да назар аударыңыз. Мысалы, ірімшік пен ірімшік өнімі, сүзбе мен сүзбе өнімі құрамы жағынан ерекшеленеді. Сондықтан қаптамадағы ақпаратты мұқият оқып шығыңыз.
    Сүт өнімдерін сақтау талаптары сақталатын және тоңазытқыш жабдықтары бар сауда орындарынан ғана сатып алыңыз. Ұзақ уақыт салқындатусыз тұрған немесе тиісті жағдайда сақталмаған өнімдерді алмаңыз.
    Үй жағдайында сүт өнімдерін өндіруші көрсеткен температурада тоңазытқышта сақтаңыз. Егер өнімде зең пайда болса, жағымсыз немесе әдеттен тыс иіс шықса, шырыштану не ашу белгілері байқалса, оны тұтынуға болмайды.
    Есіңізде болсын: сүт өнімдерінің қауіпсіздігі оларды дұрыс таңдаудан басталады. Өнімнің таңбалануын тексеріңіз, сақтау шарттарын сақтаңыз және өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың саулығын қорғаңыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары