Бүгін Аққулы ауданы білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық «Жылдың үздік психологі» байқауының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін арттыру, озық тәжірибелерін насихаттау және психологиялық қызметтің сапасын жетілдіру.
Іріктеу кезеңінде қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, психологиялық жұмысты ұйымдастырудағы тәжірибелерін, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын таныстырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынға Тлектес орта мектебінің педагог-психологі Қусаинова Міргүл Құрметқызы ие болды. Ол Аққулы ауданының намысын облыстық «Жылдың үздік психологі» байқауында қорғайтын болады.
Жеңімпазды лайықты жетістігімен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және толағай табыс тілейміз!
Кәсіби шеберлік пен ізденіс – сапалы психологиялық қолдаудың негізі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









