«ZanTrend»: құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақтың негізі

    1 / 2

    Облыстық «ZanTrend» құқықтық жобасы аясында Аққулы ауданының мектеп психологтары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Құқықтық бес минут» тақырыбындағы сабақтар жинағын әзірледі.

    Аталған бастама – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, заң талаптарын түсінуіне мүмкіндік беретін маңызды профилактикалық жұмыс.

    Әзірленген сабақтар жинағында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайлар, жеке қауіпсіздік, жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, құқық бұзушылықтың салдары, өзгенің құқығын құрметтеу сияқты өзекті мәселелер қамтылған.

    «Құқықтық бес минут» сабақтары қысқа әрі мазмұнды форматта ұйымдастырылып, оқушыларға құқықтық тақырыптарды түсінікті тілде жеткізуге, өмірлік жағдаяттарды талдауға және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Бұл – мектеп психологтарының тәрбие жұмысына қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар мектептегі қауіпсіз және қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған ортақ қадам.

    Заңды білу – міндет, ал оны құрметтеу – әр азаматтың мәдениеті!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім беру басқармасының «Аққулы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары