Атырау облысында БАҚ қызметкерлері, баспасөз хатшылары мен медиа мамандарына арналған «Media LAB» тренингі өтті. Жиын «Жасанды интеллект: медиа саласындағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбына арналды.
Жиында жасанды интеллектіні журналистикада тиімді пайдалану, ақпарат әзірлеу мен өңдеу үдерісіндегі мүмкіндіктері және медиа саласындағы жаңа технологиялардың рөлі талқыланды.
Тренингті IT маманы, MNU және Astana IT University оқытушысы, New York Film Academy түлегі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, техника ғылымдарының магистрі Айдие Айдарбеков жүргізді.
Айдие Айдарбековтің айтуынша, жасанды интеллект журналистің орнын алмастыра алмайды.
⁃ БАҚ саласының мамандарына, әсіресе журналистерге арналған тренинг барысында өте қызықты сұрақтар қойылды. Кейбір сұрақтарға жауап беру де оңай болған жоқ. Менің ойымша, жасанды интеллект болашақта да журналистерді алмастыра алмайды. Өйткені адамның қолтаңбасы, ойы мен жазу мәнері әрдайым байқалып тұрады. Жасанды интеллект – журналистің жұмысындағы көмекші құрал ғана, – деді А. Айдарбеков.
Іс-шараға Атырау қаласы мен аудан әкімдіктерінің баспасөз қызметкерлері, республикалық, облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








