1 / 4
Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы бекіткен кестесіне сәйкес Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында азаматтардың еңбек қатынастарына қатысты өтініштері тыңдалып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заңнамалық нормалары негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, еңбек шартын жасасу және бұзу тәртібі, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек демалысын беру, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, сондай-ақ еңбек құқықтарының сақталуы мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын заңнамада белгіленген тәртіппен жасасуға, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және жалақыны уақтылы әрі толық көлемде төлеуге міндетті. Ал жұмыскер өзіне жүктелген еңбек міндеттерін орындап, еңбек тәртібін сақтауға тиіс.
Сонымен қатар, еңбек құқықтары бұзылған жағдайда жұмыскерлер өздерінің заңды мүдделерін қорғау үшін тиісті органдарға өтініш білдіруге құқылы екені түсіндірілді.
Департамент басшысы әрбір азаматтың өтінішіне жеке назар аударып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында нақты түсініктемелер берді.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және халықпен ашық диалог орнату – Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









