1 / 9
2026 жылғы 23 қарашада Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан Тоқыма» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеруді Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы жүзеге асырды.
Тексеру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталу жағдайына назар аударылып, жұмыс берушінің еңбек қатынастары саласындағы міндеттемелерінің орындалуы зерделенді.
Атап айтқанда, еңбек шарттарының жасалуы мен рәсімделуі, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жалақының уақтылы төленуі және еңбек заңнамасы талаптарының орындалуы, сонымен қатар жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарының орындалу мәселелері қаралды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының басты мақсаты – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және еңбек қатынастарында заңдылықты нығайту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









