БӘЙДІБЕК: «ДОСАН» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 4
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес, бүгін Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Бәйдібек ауданының білім бөліміне қарасты «Досан» жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.
    Тексеру барысында еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек шарттарын жасасу және олардың талаптарының орындалуы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының сақталуы, еңбекке ақы төлеу тәртібі, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек заңнамасында көзделген міндеттерді орындауы мәселелеріне назар аударылады.
    Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлермен еңбек шарттарын заңнамада белгіленген тәртіппен жасасуға, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, еңбекақыны уақтылы әрі толық көлемде төлеуге және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуына міндетті.
    Мемлекеттік еңбек инспекциясының басты міндеті – еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, анықталған заңбұзушылықтардың алдын алу және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау.
    Основная задача государственной инспекции труда – осуществление контроля за соблюдением трудового законодательства, предупреждение выявленных нарушений и защита трудовых прав работников.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары