Серебрянск қаласында масаң күйде көлік басқарған азамат 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Серебрянск қаласында 26 жастағы ер адам Mercedes-Benz автокөлігін алкогольдік мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Сот шешімімен оған 20 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.
Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізді. Нәтижесінде оның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.
Сонымен қатар ер адамның бұған дейін жүргізуші куәлігін мүлде алмағаны белгілі болды.
Іс материалдарын қараған сот құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.
Полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қауіп төндіретінін ескертеді.
Жол қауіпсіздігін сақтау және заң талаптарын орындау – әрбір жүргізушіге ортақ міндет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









