Шымкентте «Сөз маржаны – термеде» республикалық термешілер байқауы өтті

    1 / 6

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Шымкентте «Сөз маржаны – термеде» республикалық термешілер байқауы өтті. Байқау сөз бен сазды ұштастырған ұлттық өнерді сақтап, кеңінен дәріптеуге арналды.

    Байқауға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген термешілер қатысты.

    Бас жүлдені шымкенттік Мағжан Сауытбек иеленді. Жамбыл облысының өкілі Бекарыс Көштаев бірінші, Қызылорда облысынан келген Қуаныш Алғазиев екінші орын алды. Шымкенттік Батырхан Үсен мен алматылық Аружан Жұпарбекқызы үшінші орынға ие болды.

    Сондай-ақ бірқатар қатысушы орындаушылық шеберлігі, дәстүрді сақтауға және терме өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы аталымдар бойынша марапатталды.

    Байқау өнерпаздардың шығармашылық тәжірибе алмасуына, терме өнерінің терең тағылымын, сөз құдіреті мен ұлттық дәстүрдің асыл мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары