Диалогтан стандарттарға: «Ашық Кеңес» жобасы Сот төрелігі академиясында жұмысын жалғастыруда
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ашық Кеңес: болашақ судьялардың көзқарасы» жобасы аясында Кеңес мүшелерінің Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кезекті кездесуі өтті.
Ашық диалог барысында қатысушылар білім беру процесін жетілдіру және кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелерін талқылап, оқыту процесін жаңа цифрлық шындыққа кезең-кезеңімен бейімдеу мәселелеріне тоқталды.
Магистранттар оқу практикасынан алған әсерлерімен бөлісті. Өз кезегінде Кеңес мүшелері судья тәуелсіздігінің, кәсіби әдеп пен жоғары жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізілуі білім алушылармен кері байланысты тиімді нығайтуға және Сот төрелігі академиясының орнықты дамуына ықпал ететін ашық диалогтың маңыздылығын айқындайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









