Жоғары Сот Кеңесінде үздіксіз кәсіби даму мәдениеті қалыптасуда

    1 / 6

    Жоғары Сот Кеңесінде үздіксіз кәсіби даму мәдениеті қалыптасуда

    Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д. Малахов Кеңес Аппаратының кадрлық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөліп, қызметкерлердің кәсібилігін, жоғары құқықтық мәдениеті мен атқарушылық тәртібін мемлекеттік органның тиімді қызметінің ажырамас құрамдас бөліктері ретінде қарастырады.

    Осы бағыттағы Кеңес Төрағасының бастамаларының бірі – жүйелі құқықтық жалпы оқытуды енгізу. Оның аясында Төрағаның тапсырмасы бойынша Аппарат қызметкерлеріне тұрақты негізде оқыту семинарлары өткізіледі.

    Кезекті сабақтар барысында ұлттық режимнен алып қоюды ескере отырып, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың өзекті талаптары, сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және белгіленген шектеулерді қолдану ерекшеліктері қарастырылды.

    Құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және орыс тілдерінде қызметтік хат-хабарларды ресімдеу стандарттары, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды тіркеу, электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар материалдармен жұмыс істеу тәртібіне айрықша назар аударылды.

    Оқыту бағдарламасында біліктілік емтиханын өткізу және судьялық лауазымдарға кандидаттарды конкурстық іріктеу мәселелері ерекше орын алды. Бұл Дмитрий Малаховтың басшылығымен судья кадрларын іріктеу жүйесін жетілдіру, оның ашықтығын, объективтілігі мен тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысқа байланысты.

    Бұл ретте Кеңес Төрағасының қағидатты ұстанымы рәсімдердің өзін жетілдірумен қатар, оларды іске асыруға тікелей қатысатын қызметкерлердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

    Д. Малаховтың бастамасымен енгізілген құқықтық жалпы оқыту – Кеңес Аппаратын сапалы дамытуға, білімді үздіксіз жетілдіру, құзыреттілік пен әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі қызмет стандартына айналатын заманауи кәсіби ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі" жаңалықтары