Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылында «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасының арқасында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған тағы бір жоба сәтті жүзеге асырылды.
Р.Н. Древраль бағдарлама мүмкіндіктерін пайдаланып, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚС) жұмысын ұйымдастыруға қажетті заманауи жабдықтар сатып алу үшін 6,9 млн теңге көлемінде несие қаражатын алды.
Бөлінген қаражатқа мыналар сатып алынды:теңгерімдеу станогы;шина монтаждау станогы;гидравликалық домкрат;поршеньді компрессор;дөңгелектердің еңкіштігі мен жинақталуын реттеуге арналған жабдық.
Бүгінде жоба толықтай жүзеге асты: жабдықтар сатып алынып, орнатылды және жұмыста белсенді қолданылуда. Техникалық қызмет көрсету станциясы сәтті жұмыс істеп, Рузаевка ауылы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына автомобильдерге қызмет көрсету бойынша сұранысқа ие қызметтерді ұсынуда.
ТҚС ашу және дамыту – бұл өз ісін бастауға жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар ауыл инфрақұрылымын дамытуға қосылған маңызды үлес. Енді автокөлік иелері қажетті қызметтерді туған ауылынан тыс жерге шықпай-ақ ала алады.
Р.Н. Древальдiңүлгісі«Ауыл Аманаты» бағдарламасының ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға, идеяларды нақты жобаларға айналдыруға және туған өлкені дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесетінін айқын көрсетеді.
«Ауыл Аманаты» – бұл нақты мүмкіндіктер, жаңа перспективалар және ауылдық жерлердің өркендеуіне жасалған сенімді қадам!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








