2026 жылдың 11 қарашасында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласының мамандарына арналған «Конфессиялық бірлестіктерді сараптау тәжірибесі және аймақтық діни ахуалды мониторингілеу» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі Тологон Жанболат шақырылды. Ол қатысушыларға тақырып аясында мазмұнды дәріс оқып, христиандық бағытқа қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар конфессиялық бірлестіктердің қызметін сараптау және діни ахуалды зерделеу мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ,Орал қалалық прокуратурасының өкілі Орынбек Серікұлының қатысуымен дін саласындағы мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өткізілді. Кездесу барысында сала мамандарының қызметіне қатысты құқықтық мәселелер талқыланып, қатысушыларға тиісті түсіндірмелер берілді.
Семинар қорытындысы бойынша іс-шараға белсенді қатысқан мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.
Аталған семинар дін саласындағы мамандардың кәсіби білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









