Әлеуметтік желідегі ақпараттық жұмыстың тиімділігі талқыланды

    1 / 5

    2026 жылғы 19 қарашада Орал қаласындағы «Ботаникалық бақ» конференц залында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өңірлік оқыту семинары өтті.

    Семинардың басты мақсаты – ақпараттық сала мамандарының әлеуметтік желілер мен виртуалды кеңістіктегі деструктивті діни идеологияларды тану, антирадикалды иммунитет қалыптастыру, сапалы контент әзірлеу, сондай-ақ қауіпсіз әрі ағартушылық бағыттағы медиажоспар құру бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.

    Семинарға БАҚ өкілдері, SMM-мамандар, аудан теологтары, видеографтар, дизайнерлер мен контент-мейкерлер қатысты.

    Шара ақпараттық-әдістемелік және практикалық бөлімдерден құралды. Ақпараттық бөлімде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің өкілі Ә.Есболатов ақпараттық кеңістіктегі діни қауіпсіздік пен мемлекеттік тапсырысты іске асырудың басымдықтарына тоқталдалды.

    Практикалық бөлімде «Alqa-media» қоғамдық қорының өкілі А.Теміралиев қарсы насихаттың тәжірибелік кейстерін бөліссе, SMM-маркетолог Я.Есмидинқызы әлеуметтік желі алгоритмдері мен жасанды интеллект құралдарын қолдану тәсілдерін көрсетті.

    Сондай-ақ «Сенім» қоғамдық бірлестігінің 4 ірі медиа жобасы таныстырылды.

    Семинар соңында еркін пікір алмасу өтіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы" жаңалықтары