2026 жылғы 12–16 қазан аралығында Орал қаласы мен оған қарасты елді мекендердегі мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу және зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру бағытында ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді.
Аталған шаралар Орал қаласындағы №1, 2, 4, 6, 7, 8, 12, 24, 28, 32, 33, 36, 38, 42, 45, 47, 48, 49, 50, 52 мектептерінде, сондай-ақ Вальдорф мектебінде және Серебряково мен Круглоозерный елді мекендеріндегі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылды.
Кездесулердің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, зайырлы мемлекет ұғымын түсіндіру және жастардың бойында сыни ойлау мен ақпаратты дұрыс саралау дағдыларын қалыптастыру.
Түсіндіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретіндегі мәртебесіне, ар-ождан және діни сенім бостандығына, мемлекет пен діннің арақатынасына қатысты мәселелерге назар аударылды. Сонымен қатар діни экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды көзқарастардың ықпалына түсу қаупі және интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттарды ажырата білудің маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушыларға толеранттылықты сақтау, өзге адамдардың діни сенімдері мен көзқарастарына құрметпен қарау, қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімді нығайту жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ күмәнді діни мазмұндағы материалдарға сыни көзқараспен қарап, ақпарат көздерінің сенімділігін тексерудің маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, экстремистік идеологиялардың алдын алуға, жастар арасында зайырлылық құндылықтарын түсіндіруге және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.
Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алу және зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.






