Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында аудан әкімі қатысуымен құтқарушыларға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиын барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ауылдық жерлерде қызмет атқаратын құтқарушыларға өз міндеттерін абыроймен атқарып, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Ерхан Ерланұлы Жақсылық арнайы төсбелгімен марапатталды. Ол Хромтау өңірінде 9 жыл 7 ай бойы түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, оның 3 жыл 5 айында басшылық құрамда болған. Осы уақыт ішінде жүргізуші-қызметкер, қарауыл бастығы және өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Салтанатты іс-шара барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың қызметіне құрмет көрсетілді.
Ақтөбе облысының ТЖД








