Қысқы кезеңге дайындық аясында Mass Alert компаниясының өкілдері кезекші бөлімнің жеке құрамымен және ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің қызметкерлерімен оқу сабағын өткізді.
Оқу-жаттығу барысында мамандар Mass Alert жүйесінің мақсатын, жұмыс істеу қағидаттарын және хабарландыруды іске қосу тәртібін түсіндірді. Практикалық бөлімде компания өкілдері жүйені іске қосу мысалында оператордың қандай ретпен әрекет етуі керектігін көрсетті.
Оқыту шарасы қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе орын алуы кезінде Департамент қызметкерлерінің халықты жедел хабардар етуге дайындығын арттыруға бағытталған.