Ақтөбеде суасты дронын басқару бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді

    1 / 8

    Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары су айдындарында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тиімділігін арттыру мақсатында суасты дронын басқару бойынша арнайы оқу-жаттығу сабақтарын өткзді.

    Оқу сабақтарының негізгі мақсаты – құтқарушылардың заманауи техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын жетілдіру, су астындағы нысандарды анықтау, су айдындарының түбін зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде суасты дронын тиімді қолдануды меңгерту.

    Сабақ барысында жеке құрам суасты дронын іске қосу, басқару құрылғыларымен жұмыс істеу, бейнебақылау жүйесін пайдалану және алынған ақпаратты монитор арқылы бақылау тәсілдерін тәжірибе жүзінде байқап көрді.

    Заманауи суасты дронын қолдану су астындағы іздестіру жұмыстарын жедел әрі қауіпсіз жүргізуге, құтқарушылардың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Мұндай оқу-жаттығу сабақтары құтқарушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.

    Ақтөбе облысының ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары