Шығысқазақстандық спортшылар V Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды

    1 / 5

    Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 18-24 қазан аралығында Жапонияда өтіп жатқан «Айчи - Нагоя-2026» V Азия Пара ойындарында сәтті өнер көрсетуде.

    Қазақстан құрамасы сапында облыс намысын Виктор Волков (пара жүзу) пен Ардақ Нұрмағамбетов (пара үстел теннисі) қорғауда.

    Виктор Волков 100 метрге еркін жүзу жарысында қола медаль жеңіп алды. Ал 400 метрге еркін жүзу сайысында бесінші орынға табан тіреді. Спортшы 50 метрге еркін жүзу жарысына да қатысуда.

    Бұдан бөлек, Ардақ Нұрмағамбетов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол үшінші орын үшін өткен шешуші кездесуде Үндістан спортшысымен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, Азия Пара ойындарының қола жүлдесін иеленді.

    Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының спортшылары екі қола медаль жеңіп алды. Бұл - ел құрамасы үшін маңызды көрсеткіш әрі өңірде паралимпиадалық спорттың дамып келе жатқанының дәлелі.

    Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда көк байрағымызды биікке көтеріп, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

    (Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары