Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Семинар барысында көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімдерін кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бөлінісінде орналастыру және жүргізу мәселелері қаралды.Сонымен қатар қатысушыларға кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімдерін қалыптастыру және жүргізу тәртібі, сондай-ақ қайта тіркеуден өтпеген пәтер иелері кооперативтерін тарату рәсімі түсіндірілді.
Семинар мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған.







