Департаментке ағымдағы жылдың басынан 3 029 (2025ж – 1 421) азаматтардың арыз-шағымдары тіркеліп, олардың 2 919 заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.
Осы арыздардың негізінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 253 (254) тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 384 (518) заң бұзушылық анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың негізінде 182 (234) нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 238 (138) хаттамамен 45,8 (26,6) млн. тг. айыппұл салынып, оның 38,3 млн. тг. (83,6%) өндірілді.
Өндірістік жарақат:
- Есепті кезеңде 30 (34) өндірістік жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 35 (38) адам зардап шекті. Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 5 (7) адам қайтыс болды.
Еңбек дауларын болдырмау мақсатындағы ақпараттық насихаттау:
- Департаментке жеке қабылдауға келген 235 азаматтардың мәселелері толық қаралып, олардың барлығына тиісті түсіндірмелер берілді.
Жалпы жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қатысуымен өткізілген іс-шаралар Департаменттің « gov.kz », «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерге, түрлі видеороликтер, Кодекс талаптарын сақтау туралы 1 383 ақпарат шығарылды.








