Күршімде жастар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы салынып жатыр

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында Құйған ауылындағы жастар және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы құрылысының барысымен танысты.

    Ғимараттың құрылысын жүргізу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға 2026 жылы «ДОСПроектСтрой» ЖШС-мен қол қойылған. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр.

    Бүгінде ғимараттың негізгі құрылысы аяқталған. Шатыр орнатылып, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Терезелер мен есік блоктары да қойылған. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары орындалуда. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

    «Осы орталықтың салынуын тұрғындар талайдан бері сұрап жүрген. Жастар да, қарттар да бұл жерге келіп, уақыттарын пайдалы өткізе алатын болады. Жас буын үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ түріп, түрлі іс-шаралар, кездесулер ұйымдастырады»,-деді аймақ басшысы.

    Жаңа орталық ауыл тұрғындарының мәдени тынығуына және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық орынға айналмақ. Оның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп көзделіп отыр.

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары