Шығыс Қазақстан облысында республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 154%-ға артты. 2026 жылдың тоғыз айында өңірден республикалық бюджетке 255,3 млрд теңге түсті. Жоспар 100,2%-ға орындалды. Бұл белгіленген көрсеткіштен 400 млн теңгеге артық.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов мәлімдеді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджетке түскен қаражат көлемі 89,3 млрд теңгеге өсті.
Республикалық бюджет кірістерінің негізгі бөлігін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, заңды тұлғалардан және ірі кәсіпкерлік субъектілерінен алынатын корпоративтік табыс салығы.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтан 111,3 млрд теңге түсті. Бұл жалпы түсімнің 27%-ын құрайды. ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы 105,3 млрд теңге немесе жалпы түсімнің 25,5%-ын қамтамасыз етті. Ал ірі кәсіпорындардан түсетін корпоративтік табыс салығының көлемі 72,4 млрд теңгеге жетіп, жалпы түсімнің 17,6%-ын құрады.
Бұдан бөлек, салықтық және кедендік әкімшілендіру шараларының нәтижесінде есепті кезеңде республикалық бюджетке қосымша 11,9 млрд теңге түсті.
Дереккөз: ШҚО ӨКҚ









