Ақтөбеде Құтқарушылар күніне орай сала қызметкерлері марапатталды

    1 / 8

    19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Құтқару – абзал міндетім» атты салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік жиында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Қаһарман Оразалин құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адам өмірін сақтау мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

    Мереке аясында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, төтенше жағдайларды жоюға және құтқару операцияларына белсенді қатысқаны, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкер мен сала ардагерлері марапатталды.

    Атап айтқанда, қызметкерлерге кезектен тыс арнаулы атақ, ведомстволық төсбелгілер, Құрмет грамоталары, медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар азаматтық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға, әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға және құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан азаматтар да марапатқа ие болды.

    Ақтөбе облысының ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары