ДЕМАЛЫС»: Абай облысында түнгі рейдтер күшейтілді - 101 жасөспірім полицияға жеткізілді

    Абай облысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі профилактикалық рейдтер күшейтілді.

    24–31 қазан аралығында өңір аумағында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.
    Полиция қызметкерлері жүргізген профилактикалық жұмыстар барысында бірқатар құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.

    Іс-шараның аралық қорытындылары:

    113 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді;

    101 кәмелетке толмаған полиция органдарына жеткізілді, оның 98-і түнгі уақытта анықталды;

    82 жағдайда жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы тіркелді;

    21 жағдайда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі;

    103 қолайсыз отбасындағы тұрмыстық жағдай тексерілді;

    Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 3 ата-ана есепке қойылды.

    Түнгі уақыттағы бақылау — жазалау үшін ғана емес, алдын алу үшін қажет. Әрбір рейдтің артында жасөспірімнің қауіпсіздігі, ата-ананың жауапкершілігі және ықтимал құқық бұзушылықтың алдын алу міндеті тұр.

    Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын, қоғамдық аумақтарды және қолайсыз отбасыларды тексеру барысында кәмелетке толмағандардың заңды құқықтарының сақталуына ерекше назар аударады. Заң талаптарын бұзу фактілері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Полиция ескертеді:
    Балаңыздың қайда жүргенін, кіммен араласатынын және үйге қай уақытта оралатынын бақылаусыз қалдырмаңыз. Жасөспірімнің қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік тек мектепке немесе құқық қорғау органдарына жүктелмейді — ол ең алдымен отбасынан басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары