Жылыту маусымындағы қауіпсіздік – басты назарда

    1 / 2

    Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы отбасылар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жылыту пештері мен электр құралдарын дұрыс пайдалану, сондай-ақ улы газдан уланудың алдын алу жолдары түсіндірілді.

    Сонымен қатар төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.

    Мұндай профилактикалық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, жылыту маусымындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

    Қауіпсіздік – әр отбасының жауапкершілігі!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары