ТЖД қызметкерлері өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының алдын алуға бағытталған күнделікті аралау жұмыстарын жүргізуде.
Ерекше назар көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына аударылады.
Аралау барысында құтқарушылар үйлерге улы газды анықтайтын автономды датчиктер орнатып, жылыту құрылғылары мен мұржалардың жай-күйін тексереді. Қажет болған жағдайда мұржаларды тазалауға көмек көрсетеді. Сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және пештер мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріледі.
Сондай-ақ мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қадағалауға, ал қарт туыстарын қараусыз қалдырмауға шақырады.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









