1 / 2
Жамбыл облысы Жуалы ауданында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ шаруашылығы мамандарымен бірлесіп, тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жылыту пештері мен газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, сондай-ақ улы газдан уланудың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен мүлкін қорғаудың басты кепілі екені ескертілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі. Қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз!
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









