Азаматтық қорғау бойынша біліктілік арттырылуда

    1 / 3

    Жамбыл облысынла Азаматтық қорғау саласы бойынша кезекеті арнайы оқу курсы өткізілді.

    Оған дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық және тіршілік қауіпсіздігі негіздері пәндерінің 42 оқытушысы қатысты.

    16 сағаттық оқу бағдарламасы аясында тыңдаушылар азаматтық қорғау саласындағы білімдерін жетілдіріп, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын пысықтады.

    Курс барысында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған жағдайда атқарылатын іс-қимыл алгоритмдері және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәртібі түсіндірілді.

    Сонымен қатар эвакуациялық бекеттердің жұмысын ұйымдастыру, оқу-жаттығуларды өткізу және төтенше жағдайлар кезінде күштер мен құралдардың үйлесімді әрекетін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

    Оқу курсының қорытындысы бойынша қатысушылар онлайн платформалар арқылы бақылау тестінен өтіп, меңгерген білімдерін бекітті.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары