1 / 3
Байзақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Іс-шаралар барысында мамандар тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын датчиктер орнатып, мұржаларды күйеден тазартып, жылыту жүйелерінің жай-күйін тексеруде.
Басты мақсат – өрт пен улы газдан улану жағдайларының алдын алып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
ТЖД ескертеді: өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі!
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







