Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарының аумағында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарының қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша сауда орталығының көкөніс қоймасында шартты өрт туындап, жалын іргелес аумаққа таралған. Оқиға салдарынан екі адам шартты түрде зардап шекті.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері шартты өртті сөндіру, адамдарды құтқару және қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет ету дайындығын пысықтау, нысан қызметкерлерінің әзірлігін тексеру және төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








