Т. Рысқұлов ауданы №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы аудандық Трассалық медициналық құтқару пункті және Луговой ауылындағы КС-4 мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Азиялық газ құбыры» мекемесінде профилактикалық іс-шаралар мен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – өрттердің алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында өрт дабылы жүйелерінің, өрт сөндіру құралдарының және газдың шығуын анықтау құрылғыларының жарамдылығына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлер мен жедел қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығын арттырады.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









