Қордай ауданында жылыту маусымына байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QAZAQGAZAIMAQ» мекемесінің өкілдерімен және жергілікті электр станцияларының мамандарымен бірлесіп, тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптарын түсіндірді.

    Іс-шара барысында газ және электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, пештердің жарамдылығын тексеру, мұржаларды уақытылы тазалау және электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу қажеттігі ескертілді.

    Мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары