Бүгін ТЖД-де Президент Жолдауын қолдау және цифрландыру мәселелеріне арналған «Jambyl» облыстық телеарнасы үшін тақырыптық сюжеттер түсірілді.
Түсірілім барысында заманауи цифрлық технологияларды енгізу және оларды төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою кезінде қолдану мәселелері қамтылды.
Жоспарлау және жедел басқару орталығының қызметкерлері департаменттің заманауи техникалық мүмкіндіктері, ақпаратты жедел қабылдау және бөлімшелердің іс-қимылын үйлестіру жұмыстары туралы баяндады. Ал Цифрландыру және байланыс бөлімінің өкілдері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды), Mass Alert жаппай хабарлау жүйесін және басқа да цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.
Дайындалған материалдар «Jambyl» облыстық телеарнасының жаңалықтар шығарылымдары мен «Құтқару қызметі» тақырыбындағы телебағдарламаларында көрсетіледі.
Цифрландыру – төтенше жағдайларға ден қою кезіндегі жеделдікті, тиімділікті және қауіпсіздікті арттырудың маңызды қадамы.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









