1 / 5
Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы «Прииртышская бройлерная птицефабрика» ЖШС-не барып, кәсіпорын басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құс фабрикасының қазіргі тыныс-тіршілігі, өндірістік қуаты, кәсіпорынның даму перспективалары және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар өндіріс көлемін арттыру, кәсіпорынның жұмысын одан әрі дамыту, туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.
Аудан әкімі кәсіпкерлік нысандардың тұрақты дамуы аудан экономикасын нығайтуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








