ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АКТИВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 5

    Жаңасемей ауданында аудан әкімінің орынбасары Самат Құдайбергенұлының төрағалығымен аудан активінің қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

    Жиын барысында Президент Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен міндеттер кеңінен сөз болды. Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.


    Кездесу барысында Жолдауда белгіленген міндеттерді аудан көлемінде іске асыру жолдары талқыланып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Сонымен қатар жауапты сала басшыларына тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жаңасемей ауданының әкімдігі" жаңалықтары