Жаңасемей ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкім аппараты) жергілікті атқарушы орган мен аудан әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық салада қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
    Әкім аппараты өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілеріне және өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Рождество

    7 қаңтар 2026 ж. – 8 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдері әлеуметік маңызды ?

    Жауап

    Қазіргі уақытта мұндай азық-түлік өнімдерінің тізіміне 19 тауар кіреді: Бірінші сұрыпты бидай ұны; 1-сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан; Рожки (салмақпен); Қарақұмық жармасы (ядро, салмақпен); Тегістелген күріш (дөңгелек дәнді, салмақпен); Картоп; Асханалық сәбіз; Пияз; Ақ қырыққабат; Ақ қант-құмшекер; Күнбағыс майы; Сиыр еті (сүйектері бар скапулярлы-кеуде бөлігі); Тауық еті (аналық және тибия, оған іргелес целлюлоза); Майлылығы 2,5% жұмсақ орамдағы пастерленген сүт; Майлылығы 2,5% жұмсақ орамдағы айран; Тұздалмаған сары май толтырғыштарсыз және өсімдік майларынсыз майлылығы кемінде 72,5% ; Тауық жұмыртқасы (1-санат); Ас тұзы ("экстрадан" басқа); Сүзбе 5-9% май.

    Сұрақ

    Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері бар ?

    Жауап

    "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру, субсидиялау, бизнес жобаларға кепілдік беру жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Мемлекеттік гранттар

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 2-ден 5 млн.теңгеге дейін беріледі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде беріледі. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары: 1) кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен) (талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті болып табылмайды); 2) жаңа жұмыс орындарын құру; 3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы. Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады: 1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу; 2) материалдық емес активтерді сатып алу; 3) технологияны сатып алу; 4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу; 5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар кіреді. Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды . Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды: 1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға; 2) жалдау ақысы ретінде; 3) аффилирленген/байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға); 4) бұрынғы пайдаланудағы негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға. Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлік сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлерге гранттар берілмейді: 1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған; 2) салықтар және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі барларға; 3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын; 4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

    Сұрақ

    Тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 67-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 74-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға өтініш берілген сәттен бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы тізімге енгізілгендердің басқалардың алдында тұрғын үй алуға ешкімнің басым құқығы жоқ.

    Сұрақ

    Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі?

    Жауап

    Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Қалалар мен аудандар мәслихаттарының шешімдерімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары негізінде азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға Атаулы және мерекелік күндерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген. Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

    Ақпарат

    Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу туралы АҚПАРАТ

    Жарияланды:
    Жарлық

    Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

    Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу – басты міндет

    Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халықтың билік институтына деген сенімін нығайту әрдайым заң үстемдігі, ашықтық пен өзара жауапкершілік қағидаттарына тікелей байланысты. Қоғам игілігі үшін адал еңбек ету және азаматтардың құқықтық мүдделерін қорғау – әрбір қызметшінің басты борышы. Осы орайда, Жаңасемей ауданында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары күнделікті жұмыстың маңызды бағытына айналып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде: «Мемлекет жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау ғана емес, жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр» деп қадап айтқан болатын. Президенттің бұл стратегиялық ұстанымы әрбір мемлекеттік органнан сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын факторларды ерте сатыда анықтап, оларды жою бойынша кешенді және жүйелі әрекеттерді талап етіп отыр. Бүгінгі таңдағы басты бағытымыз – кез келген құқық бұзушылықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алуға қол жеткізу. Бұл үшін қабылданатын басқарушылық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, қызметтік жауапкершілікті күшейту және салалық тәуекелдерді ең төменгі деңгейге түсіру аса маңызды. Әрбір шығарылған шешімнің түпкі төркінінде халықтың мүддесі мен заң талаптары қатаң сақталуы тиіс. Жаңасемей ауданында бұл бағыттағы іс-шаралар мақсатты түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалды. Талдау барысында кадр саясаты, тәртіптік практика, мемлекеттік сатып алу процестері мен қызмет көрсету салалары жан-жақты зерделенді. Атап айтқанда, персоналды басқару саласында кандидаттардан конкурстық комиссияның шешіміне шағымдар түскен жоқ, ал комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Тәртіптік практикаға сәйкес, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар: «ескерту» – 5, «сөгіс» – 5, «қатаң сөгіс» – 1, ал 2026 жылдың 6 айында: «ескерту» – 13, «сөгіс» – 2 болды. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде ант беру мәтіні, әдеп нормалары және сыйлықтарды тапсыру жадынамалары қатаң қарастырылған. Жалпы және ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің қызметінде нормативтік-құқықтық актілер қатаң сақталып, 2025 жылдың екінші жартыжылдығында 98 акт, ал 2026 жылдың 6 айында 223 акт қабылданды (олқылықтар мен дискрециялық тәуекелдер анықталған жоқ). Қаржы-шаруашылық бөлімінде мемлекеттік сатып алулар электрондық портал арқылы жүзеге асырылып, тауарларды қабылдау мен конкурс рәсімдерінде ешқандай шағымдар мен тәуекелдер тіркелген жоқ. Сонымен қатар, спорт және мәдениет саласында 2026 жылы бірқатар ауқымды түсіндіру шаралары ұйымдастырылды: 16 қаңтар: Шақаман ауылдық клубында «Жемқорлықпен күреске қарсы іс-қимыл» дөңгелек үстелі өтті. 21 қаңтар: Ақбұлақ ауылдық клубында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 12 ақпан: Шүлбі кенті клубында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты ақпараттық сағат өткізілді. 19 ақпан: Мұқыр ауылының кітапханасында мазмұнды әңгіме-талқылау ұйымдастырылды. 23 ақпан: Абыралы ауылдық клубында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» сурет байқауы өтсе, Новобаженово клубында «Жемқорлықсыз қоғам» атты дөңгелек үстел өтті. 25 наурыз: Жаңасемей аудандық Мәдениет үйінде «Жемқорлыққа жол жоқ» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. 9 сәуір: Шүлбі кенті клубында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. 3 шілде: Көкентау ауылдық округінде полиция инспекторымен арнайы кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, экономика және қаржы бөлімінің жұмысына тоқталсақ, бөлімде 2 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады. «е-Өтініш» жүйесі арқылы келіп түскен 7 өтініштің барлығы толығымен қанағаттандырылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 5 адамға баспана сатып алуға 39 млн 320 мың теңге бөлінсе, 10 адамға көтерме жәрдемақы ретінде 3 млн 932 мың теңге берілді. Сонымен қатар Білім бөлімінде, мектептерде және Мемлекеттік кірістер басқармасында да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, тиісті іс-шаралар жоспарлары бекітілді. Ал квазимемлекеттік сектор ұйымдарында (соның ішінде Қайнар ауылы мен Жаңасемей ауданының мәдениет үйлері мен кітапханаларында) «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты түсіндіру жиындары өткізіліп, есепті кезеңде мүдделер қақтығысы немесе заң бұзушылық деректері тіркелген жоқ. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі тек қағаз жүзіндегі есеппен емес, тәуекелдердің азаюымен, басқару сапасының артуымен және қабылданған шаралардың күнделікті тәжірибеге енуімен өлшенуі тиіс. Сондықтан әрбір ұсынымның орындалуына ерекше назар аударылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бұл уақытша науқан емес, мемлекеттік аппараттың тұрақты әрі үздіксіз жұмыс форматы. Әрбір мемлекеттік қызметші өз міндеттерін атқару кезінде әділдікті, адалдықты және заң талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Халықтың сенімі – ең жоғары баға және ол тек күнделікті адал еңбек арқылы ғана нығаяды. Алға қойылған мақсат – мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түбегейлі төмендету және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту. Жаңасемей ауданында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

    Қаулы

    2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Жаңасемей ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары

    Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 36 қаулысына қосымша 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Абай облысы Жаңасемей ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары 1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннанкешіктірмей (14-б. 6) т., 22-б.) 2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 23 қазаннанкешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.) 3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2026 жылғы 28 қазаннанкешіктірмей (23-б. 5-т.) 4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 28 қазаннанкешіктірмей (17-б. 2-т.) 5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы 2026 жылғы 14 қазандабасталады және 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталады (103-б.) 6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Тиісті округтік сайлау комиссиялары Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.) 7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.) 8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу Тиісті округтік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 қазандабасталады және 1қарашада сағат 18:00-де аяқталады (104-б.) 9. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну Тиісті округтік сайлау комиссиялары Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.) 10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті округтік сайлау комиссиялары Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.) 11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу Тиісті округтік сайлау комиссиялары Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.) 12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.) 13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу Тиісті округтік сайлау комиссиялары Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) 14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау Тиісті округтік сайлау комиссиялары Айына екі рет 15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін, 2026 жылғы 1 қарашаға дейін (28-б. 6-т.) 16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 1қарашада сағат18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 28 қарашада нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) 17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) 18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 8 қараша (26-1 б. 1-т.) 19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін өздері туралы деректермен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы13 қарашадан бастап (26-б. 1-т.) 20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашаға дейін (18-б. 5) т., 38-б., 2-т.) 21. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 қарашағадейін (38-б. 1-т., 3-т.) 22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 қарашадан ерте емес және28 қарашаға дейін (37-б. 3-т.) 23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) 24. Дауыс беруді өткізу Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) 25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беру уақыты өзгермесе, сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап 12 сағаттан аспауға тиіс (18-б. 8) т., 43-б.) 26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) 27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) 28. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну Округтік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) 29. Мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 30 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б., 3-т) 30. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 3 желтоқсаннан кешіктірмей (111-б. 1-т.) 31. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы5 желтоқсаннан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) 32. Сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен төсбелгі тапсыру Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) 33. Тиісті сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру Кандидаттар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) 34. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде (34-б. 4-т.) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Жарияланды:
    Қаулы

    Абай облысы Жаңасемей ауданының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшасына, сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығының негізінде Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 29 қарашаға Абай облысы Жаңасемей ауданының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалсын. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімдері 2026 жылғы 14 қазаннан бастап 2026 жылғы 27 қазандағы сағат он сегізге дейін белгіленсін. Партиялық тізімдерді, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 1 қарашада сағат он сегізде аяқталатын болып белгіленсін. Абай облысы Жаңасемей ауданының округтік сайлау комиссиялары мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін. Осы қаулы Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы интернет-ресурсында орналастырылсын. Төраға Д. Асембаев Хатшы Д. Кабиева Семей қаласы, 2026 жылғы 13 қазан, № 36

    Жарияланды: