«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»: АУДАНДА ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 7

    Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ауданның мекеме басшылары мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді.

    Кездесу барысында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, тұрғындар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.

    Аудан әкімі кітап оқудың ұрпақ тәрбиесіндегі, білім мен таным көкжиегін кеңейтудегі маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

    Сонымен қатар, мекеме басшылары мен кітапхана қызметкерлеріне жобаны кеңінен насихаттап, түрлі танымдық кездесулер мен әдеби іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жаңасемей ауданының әкімдігі" жаңалықтары