МОЛДАБЕК ЖАНБОЛАТҰЛЫНА-90 ЖЫЛ

    1 / 2

    Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-аймақ» орталығында көрнекті шежіреші, этнограф, өлкетанушы әрі қоғам қайраткері Молдабек Жанболатұлының 90 жылдық мерейтойына арналған облыстық конференция өтті.

    Молдабек Жанболатұлы-Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Шәкәрім университетінің құрметті профессоры. Ол Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов мұрасын зерттеп, ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды дәріптеуге елеулі үлес қосқан тұлға. Сонымен қатар Жаңасемей ауданының қоғамдық-мәдени дамуына, өлке тарихын зерделеуге және кейінгі ұрпаққа тарихи мұраны насихаттауға айрықша еңбек сіңірді.

    Іс-шараға қатысқан Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы сөз сөйлеп, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Аудан әкімі Молдабек Жанболатұлының туған өлке тарихын зерттеуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне қосқан үлегінің маңыздылығын атап өтті.

    Тарих пен тағылымды, білім мен парасатты қатар ұстанған Молдабек Жанболатұлының еңбегі-кейінгі ұрпаққа үлгі, ал рухани мұрасы-ел игілігіне қызмет ететін құнды қазына.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жаңасемей ауданының әкімдігі" жаңалықтары